Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Саламатты ұлт

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Саламатты ұлт

Пандемия заманауи денсаулық сақтау саласының жүйелі кемшіліктерін айқындады. Азаматтарымыздың денсаулығы – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Біз отандық денсаулық сақтау жүйесі білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шараларды қажет етеді деп санаймыз.

Біз медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтеміз, медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар санын өсіреміз.

2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады.

Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың қажетті резервімен қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау саласын барлық көздерден қаржыландыру көлемі ЖІӨ-ден 5%-ке дейін жеткізіледі.

Өңірлерде 20 заманауи медициналық орталық пен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпсалалы емхана салынады.

Біз аудандық ауруханаларды қазіргі заманғы компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдаймыз.

Тірек және іргелес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылып, жаңарады.

Қозғалмалы және телемедицина, азаматтардың денсаулығын «ақылды білезіктерді» пайдалану арқылы қашықтықтан мониторинг жасау енгізіледі.

Біз санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейтеміз, зертханалардың материалдық-техникалық жағдайын жаңартамыз.

Бағасы қымбат медициналық қызметтер МӘМС енгізу және квоталарды өсіру есебінен әр азамат үшін қолжетімді болады. Кейінге қалдырылмайтын операциялар мен зерттеулерге кезек мәселесі шешіледі.

Цифрлық технологияларды енгізу жалған дерекке жол бермей, Медициналық сақтандыру қорының қаражатын жұмсау ашықтығын қамтамасыз етеді.

Отандық медициналық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қабылданады.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және азаматтардың мобильді қосымшалар арқылы денсаулық сақтау қызметтерін жаппай бағалауын енгізу бойынша заңнамалық нормалар ұсынылады.

Өмір сүрудің орташа ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізу мақсат етіліп отыр.

Жоғары