Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Жайлы қалалар

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Жайлы қалалар

Қалаларда, сонымен қатар шағын және моноқалаларда қолайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету әрқашанда партияның басты назарында болған.

Қалаларда «ескі кварталдарды» реновациялау, сондай-ақ тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі жұмыстар қолға алынады.

Үлескерлік құрылыс бойынша барлық проблемалық тұрғын үйлер салынып бітеді.

Біз жауапсыз құрылыс компанияларының үлескерлік құрылысқа қатысу мүмкіндігін шектейтін заңдарға түзетулер енгіземіз.
Облыс орталықтары мен шағын қалаларда жыл сайын инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін шамамен 18 мыңға жуық жер телімі бөлінеді.

Қалалық қызметтерді, көлік жұмысын жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін «Smart City» тұжырымдамасы іске асырылады.

Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.

53 тазарту құрылғысы салынып, жаңғыртылады, ағынды сулар 100% тазартылады, коммуналдық желілердің тозығы төмендетіліп, арықтар желісі қалпына келтірілді.

Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының 350 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының шет аймақтарын абаттандыру үшін жолдарды, инженерлік желілерді және әлеуметтік объектілерді салу бойынша жұмыстар жалғасады.

Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандары елдің Біртұтас энергия жүйесіне қосылады.
Шағын және моноқалаларда жолдарды, электр, газ және жылу желілерін салу және реконструкциялау бойынша шаралар қабылданады.

Моноқалаларды дамытуда қала құраушы кәсіпорындардың рөлі артады. Мемлекеттік және жеке компаниялардың қатысуымен шағын қалаларда іске асыру үшін жобалар тізбесі әзірленеді.

Шағын және моноқалаларда жастар бастамаларын қолдау үшін жастар ресурстық орталықтары құрылады.

Еліміздің барлық қалалары заманауи автожолдар желісімен қосылады. Жолдардың 100%-і жақсы жағдайға дейін жеткізе отырып, 25 мың шақырым республикалық автожолдар салынып, реконструкцияланады.
Жолдардың барлығы жол бойындағы сервис нысандарымен қамтамасыз етіледі.

Жоғары