Nur Otan партиясының үгіт-насихат кампаниясы жаңалықтары — Nur Otan партиясының сайлауалдынды ресми сайты

Жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды

11.01.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды

Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.

08.01.2021

«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты

«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.

08.01.2021

Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды.

07.01.2021

800 жаңа мектеп саламыз: Nur Otan сайлауалды штабы Павлодарға келді

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді деп хабарлайды партия баспасөз қызметі.

06.01.2021

Nur Otan Солтүстік Қазақстанда: Оңтүстіктен солтүстікке көшетін отбасыларға қолдау көрсетеміз

«Nur Otan» өңірлерде халықпен кездесуді жалғастыруда. Бүгін партия сайлауалды штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.

05.01.2021

977 мың отбасыға баспана саламыз – Nur Otan сайлауалды штабы Қостанайда

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысына келді. Мұнда билеуші партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіп көсіпорындарының ұжымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, кәсіпкер әйелдермен және басқа да азаматтармен 20 кездесу өткізді.

29.12.2020

«80 жаңа мектеп». Nur Otan Жетісудағы үш ауысымды оқу мәселесін шешеді

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. Бүгін билеуші партия өкілдері Алматы облысына келді.

28.12.2020

Nur Otan Шығыс Қазақстан халқына қандай уәде берді?

«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына келді. Өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткізді.

25.12.2020

Nur Otan Ақтөбеде: Дәрігерлердің жалақысын 2,5 есеге арттырамыз

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Ақтөбе облысына келді. Билеуші партия өкілдері күні бойы қала және ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді.

24.12.2020

Nur Otan Оралда: Мұғалімдердің жалақысын 2 есеге арттырамыз

«Nur Otan» партиясы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Батыс Қазақстан облысына келді.

23.12.2020

Nur Otan Атырауда: Ластаушы қалдықтар көлемін 12%-ке төмендетеміз

«Nur Otan» өңірлерде халықпен кездесулерді жалғастыруда. Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Атырау облысына барды.

22.12.2020

Еңбек дауларын шешу тәртібін жеңілдетеміз - Nur Otan Ақтауда

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Маңғыстау облысына келді. Күні бойы билеуші партия өкілдері аймақтағы ауылдар мен қалалардың тұрғындарымен, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлерімен және тағы басқа да азаматтармен кездесті.

21.12.2020

Nur Otan Қызылордада: Басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайтамыз

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысына келді. Олар білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұжымымен, жастармен және басқа да азаматтармен жүздесіп, ұзын саны 15-ке жуық кездесу өткізді.

20.12.2020

Nur Otan өкілдері Көкшетауда қандай мәселелерді талқылады

«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін билеуші партия өкілдері Ақмола облысына келді.

19.12.2020

Барлық тиімсіз бағдарламалардан бас тартамыз – Nur Otan сайлауалды штабы Алматыға келді

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Алматыға келді. Билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді.

16.12.2020

Nur Otan өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл облысына барды. Олар өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.

15.12.2020

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

«Nur Otan»-ның аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін билеуші партияның Республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді. Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.

14.12.2020

Nur Otan сайлауалды штабы Түркістанға келді

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді. 60-қа жуық партия белсендісі, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдердегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын қамти отырып, бірнеше кездесу өткізді. Оның ішінде аграршылармен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен және басқа да азаматтармен жүздесті.  

13.12.2020

Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті

Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

11.12.2020

«Nur Otan» партиясы жанынан 11 желтоқсаннан бастап 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

11 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша «Nur Otan» партиясы республикалық және өңірлік сайлауалды штабтарының жанынан 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

10.12.2020

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында бейнеконференция байланысы режимінде Республикалық сайлауалды штабтың бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

06.12.2020

Nur Otan партиясының Доктринасы Саяси Тұғырнамаға айналды

Билеуші партияның кезектен тыс XX Съезі барысында қабылданған «Nur Otan»-ның Жарғысындағы өзгерістерді Әділет министрлігі тіркеді.

30.11.2020

Nur Otan партиясының қатарына тағы 1,5 мың қазақстандық қосылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші партияның қатарына түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты қазақстандықтар қосылды.

26.11.2020

Nur Otan Орталық сайлау комиссиясына депутаттыққа үміткер кандидаттардың тізімін өткізді

2020 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89 бабтарына сәйкес, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды.

25.11.2020

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезі өтті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті.

25.11.2020

Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.

24.11.2020

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.

24.11.2020

Танымал саясаттанушылар мен экономистер «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын саралады

«Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар қауымдастығының өкілдері,   сонымен бірге,  белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер талқылады.


Жоғары