Құпиялылық саясаты — Nur Otan партиясының сайлау алдындағы ресми сайты

Құпиялылық саясаты

Google қызметтерін пайдалану арқылы, Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді бізге сеніп тапсырасыз. Біз оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасаймыз, сонымен қатар Сізге өз деректеріңізді басқаруға мүмкіндік береміз. Біз қандай мәліметтер жинап, оларды қандай мақсатта пайдалатынымызды және Сіз оларды қалай өзгертіп, экспорттап, жоя алатыныңызды білу үшін, біздің Құпиялылық саясатымен мұқият танысып шығыңыз.

Біз миллиондаған адамдарға күнделікті жаңа нәрселерді үйренуге, түрлі мәселелерді шешуге және бір-бірімен жай ғана араласуға мүмкіндік беретін көптеген қызметтерді ұсынамыз. Біздің өнімдердің тек бірнешеуіне ғана мысал келтіре кетейік:

Google-мен іздеу, YouTube және Google Home сияқты қосымшалар, сайттар мен құрылғылар;

Chrome браузері және Android операциялық жүйесі сияқты платформалар;

Басқа әзірлеушілердің қосымшаларына және өзге сайттарға енгізе алатын шешімдер,, мысалы жарнамалық қызметтер, Google карталары және т. б.

Біздің сервистерде жеке деректер мен материалдарды орналастыруға, сондай-ақ құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында оларды түрлі тәсілдермен басқаруға болады. Google есептік жазбасын жасай отырып, сіз достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен Gmail-де хат алмасып немесе GooglеФотода фотосуреттер жариялай аласыз, ал Google іздеу нәтижелері сұраныстарыңызға толық сәйкес келе алады. Сонымен қатар, көптеген қызметтерді аккаунтқа кірмей және тіпті оны тіркемей-ақ пайдалануға болады, мысалы, Интернетте іздеу және YouTube-те видео қарау. Бұдан бөлек, Chrome-да Сіз веб-беттерге жасырын түрде - инкогнито режимін пайдалана отырып кіре аласыз. Біздің барлық қызметтерімізде Сіз өзіңіз жайлы қандай ақпаратты жинай алып және оны қалай пайдалану керектігін көрсете аласыз.

Біздің ережелер мүмкіндігінше түсінікті болу үшін, біз оған мысалдар, бейнероликтер мен негізгі терминдердің анықтамаларын енгіздік. Егер сізде Google құпиялылық саясатына қатысты сұрақтар туындаса, бізге хабарласыңыз.

Google біздің қызметтер ыңғайлы болуы үшін, пайдаланушы туралы деректерді жинайды. Осының арқасында біз сіздің қай тілде сауал жолдағаныңызды анықтап қана қоймай, сонымен бірге күрделі мәселелерді шешуге тырысамыз, мысалы YouTube-те пайдалы хабарламаларды немесе қызықты бейнероликтерді автоматты түрде таңдаймыз, сондай-ақ Интернетте достарыңыз бен таныстарыңыздың байланыс номерлерін табуға көмектесеміз. Біз жинақтайтын деректер түрі сіздің біздің өнімдерді қалай пайдалатыныңызға және Сіздің аккаунтыңызда қандай құпиялылық параметрлері орнатылғанына тікелей байланысты болмақ.

Егер сіз Google аккаунтына кірмеген болсаңыз, біз браузерлер, қосымшалар мен құрылғыларға қатысы бар бірегей идентификаторлардың көмегімен жинайтын ақпаратты тіркейтін боламыз. Бұл бізге жаңа сеансқа кірген кезде, Сізге деректерді қайта енгізбеуіңіз үшін, Сіздің баптауларыңыз бен өзге де деректеріңізді сақтауға мүмкіндік береді.

Егер Сіз браузерге кірген болсаңыз, біз жеке деректер ретінде өңделетін ақпаратты Google аккаунтта жинаймыз және сақтаймыз. Сіз Google аккаунтын тіркей отырып, бізге жеке деректерді, соның ішінде логин мен парольді хабарлайсыз. Сондай-ақ сіз телефон номеріңіз бен төлем ақпаратын да көрсете аласыз. Егер тіпті браузерге кіру операциясы орындалмаса да, Сіз өз қалауыңызбен өзіңіз туралы қандай да бір мәліметтерді, мысалы, біздің сервистердің жаңалықтарынан хабардар болу үшін, электрондық пошта мекенжайын хабарлай аласыз.

Сондай-ақ, біз, біздің өнімдерді пайдалану уақытында өзге қооданушылардан алған немесе өзіңіз жасап, жүктеген контентті де жинаймыз. Оларға Сіз сақтаған хаттар, фотосуреттер мен видео,, авторы өзіңіз болып табылатын құжаттар мен кестелер, YouTube-тегі бейнероликтер мен пікірлеріңіз және т. б. Жатады.


Жоғары