Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Қайырымды қоғам – таза экология

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Қайырымды қоғам – таза экология

Қазір жалпы әлем жаһандық жылыну салдарына, қоршаған ортаның ластануы проблемаларына тап болды. Дамыған мемлекеттер экономика мен қоғамдық сананы «экологияландыруға» және табиғатты қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді іске асыруға көше бастады.

Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясының экологиялық саясаты келесі міндеттерді шешуге бағытталады:

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі көміртекті аз тұтына даму тұжырымдамасы қабылданады. Ол «жасыл өсім», климаттың өзгеруіне бейімделу және экономиканы декарбонизациялау шараларын қамтиды. 

Біз шөлейттенудің, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының, Байқоңыр ғарыш айлағының және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірудің экологиялық мәселелерін шешуді жалғастырамыз.

Орал өзені бассейінінің экожүйесін сауықтыру бойынша бағдарлама қабылданады және көлдерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Біз елімізде 2 миллиард, оның ішінде қалаларда 15 млн. ағаш отырғызып, орман алаңдарын 500 мың гектарға дейін ұлғайтамыз.

2025 жылға қарай экологиялық таза қуат көлемі 2 есе өсіп, 13 гидроэлектростанциялардың, 34 жел және 12 күн станцияларының құрылысы есебінен 3000 МВт-ға дейін жетеді.

2025 жылға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Тараз және Ақтөбе қалаларында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 30%-ке дейін жеткізіле отырып, 6 қоқыс өңдеу зауыты іске қосылады.

Қалалардың ауа бассейнінің жағдайын жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жол карталарын іске асыру жалғасады.

2025 жылға дейін Алматы қаласындағы ТЭЦ-2 газға ауыстыру аяқталады.

Қаладағы жасыл желектердің жағдайына мониторинг жасау ақпараттық жүйесі енгізіледі.

Біз ірі экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ЕАЭО жанынан экологиялық комиссия құру туралы бастама көтереміз.

Экологиялық құндылықтарды нығайту үшін «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясы жүйелі негізде өткізіледі.

Мектептерде экологиялық тәрбие беру бойынша бағдарламалар енгізіліп, үздіксіз экологиялық білім беру, барлық ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту үлгісі қалыптастырылады.

Жануарларды қорғау туралы заң қабылданады.

Жоғары