Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Қуатты кәсіпкерлер

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Қуатты кәсіпкерлер

Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ке дейін қысқартып, бизнес үшін кедергілерді жою және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңын кеңейтеміз.

Отандық тауарлар өндірісін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар шикізатпен толыққанды қамтамасыз етіледі.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісі артады.

Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе өседі.

10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесі 8%-ке дейін өседі.

IT саласындағы деректерді өңдеу және сақтау бағытына инвестициялар 6 есе, яғни 500 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды, сонымен қатар 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылады.

Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге шағын несиелер беріледі. 

Жалпы алғанда, шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны 3,5 млн.-нан 4 млн. адамға дейін, ал оның ЖІӨ-дегі үлесі – 30-дан 35%-ке дейін өседі.

Белсенді экспортерлер санын 2,5 есе, яғни 1000 дейін, ал шикізаттық емес экспорт көлемін – 2 есе, 41 млрд. долларға дейін өсірумен экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылады.

Экспортерлерді қолдау, оның ішінде олардың өнімін Alibaba, Ebay, Amazon халықаралық электрондық алаңдары арқылы ілгерілету жұмысы жалғастырылады. Электронды сауда көлемі 2025 жылға қарай 2 есе, биржалық сауда көлемі – 4 еседен артық ұлғаяды.

ЕАЭО шеңберінде біз жаңа нарықтарды ашу және игеру мақсатында бірыңғай техникалық стандарттар мен регламенттерге өтеміз.

Қазақстан-Ресей шекарасы маңындағы өңірдің сауда және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту бойынша шаралар қабылданып, Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы ашылып, Қытаймен шекара маңындағы сауда кеңейеді.

Салық кодексіне салықтар мен төлемдер санын қысқарту, салықтарды есептеу тәртібін жеңілдету бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Біз «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесін енгіземіз, салықтық бақылауды толығымен цифрландырамыз және салықтық міндеттемелердің орындалуын қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз етеміз.

Бизнесті салықтық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегі қайта қарастырылады. Кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттері тек қана соттың немесе прокурордың санкциясымен мүмкін болады.

Азаматтардың денсаулығын және экологияны қорғаудың принциптеріне сәйкес келмейтін барлық ескі нормативтік-реттеу құжаттарының күші жойылады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалған Топ-20 мемлекеттің қатарына кіреді.

Жоғары