Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Тұрақты жұмыс орындары

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Тұрақты жұмыс орындары

Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Партияның алдағы 5 жылдағы негізгі міндеті – халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын сақтау және ұлғайту.

Ол үшін келесі шаралар іске асырылады:

Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында 700 мың адам жұмыспен қамтылады.

Туризм саласында 170 мың жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығында шамамен 100 мың жаңа фермерлік және отбасылық шаруашылық құрылады. Бұл арқылы 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз етіледі.

IT-саласында жаңа компаниялар ашу есебінен 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту cекілді жалдаудың жаңа формалары енгізіледі.
«Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылады.

130 мың жұмыссыз азамат 5 жыл ішінде еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқытылады.

Сондай-ақ жұмыс берушілер үміткерлерді Электронды еңбек биржасы арқылы іріктей алады. Ал мемлекет үміткерлерді жұмыспен қамту шарты негізінде олардың оқу шығындарын субсидиялайды.

Еңбек қауіпсіздігін жақсарту, өндіріс орнында жарақаттануды 2025 жылға қарай 10%-ке дейін азайту жөнінде шаралар қабылданады.

Біз еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңтайландыру, еңбек заңнамасын бұзатын адамдарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасаймыз және ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру туралы мәселе қоямыз.

2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,7%-тен төмен болады.

Жоғары