Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде пандустармен, бейімделген лифттермен, дәретханалармен, зағиптарға арналған бағыттаушы белгілермен қамтамасыз етуді қоса алғанда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғастырылады.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі.

Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, қоғамда оларға сыйластықпен және құрметпен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Мүгедектерді жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өзіне ыңғайлы жұмысты таңдауы мақсатында Мамандықтар атласы жасалады. 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындамаған жұмыс берушілер үшін мүгедектерге жұмыс орындарын ашуға бағытталған өтемақы төлемдері енгізіледі.

2025 жылға қарай мүгедектігімен жұмысқа орналасқан адамдар саны 30%-ке дейін өседі.

Тұрақты күтімді қажет ететін және жеке көмекшінің қызметін пайдаланбайтын мүгедектіктің бірінші тобы бар барлық азаматтарға күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Азаматты қатыстырмай, оның мүгедектігін сырттай белгілеу енгізіледі. Бұл куәландыру рәсімін жеңілдетіп, айқындықты қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлықтың туындауына жол бермейді.

Мүгедектігі бар балалар үшін кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үйге кезегі үзілмейді.

2025 жылға қарай мүгедектігі бар адамдар 100% қажетті техникалық құралдармен және бейімдеу қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Біз зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана қорын, оның ішінде қазақ тіліндегі кітапханаларды көбейтеміз, ишарат тіліне онлайн аудару үшін арнайы бағдарламаларды қолжетімді етеміз.

Біз ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс істейтін боламыз. «Жан Шуақ» сыйлығын, «Тең мүмкіндіктер әлемі» балалар инклюзивті фестивалін, «Жұлдызай» шығармашылық фестивалін және басқа да шараларды өткізу жалғасын табады.

Жоғары