Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Тұрақты және әлемге ашық Қазақстан

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Тұрақты және әлемге ашық Қазақстан

Біз Елбасының көпвекторлы сыртқы саяси бағытын жалғастырамыз және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халықаралық бастамаларының өрісін кеңейтуге ықпал ететін боламыз.

Ұлттық мүддені қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті нығайту және барлық елдермен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық орнату – сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары.

Біз негізгі стратегиялық әріптестеріміз – Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақпен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарымызды нығайтуды жалғастырамыз.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграция, ШЫҰ, БРИКС, ИКҰ елдерімен ынтымақтастықты дамыту жалғасын табады.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне және трансұлттық қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күрес мәселелеріне белсенді атсалысады.

Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтардың, сондай-ақ ҚР асырап алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау дипломатиялық қызметтер жұмысының маңызды басымдығы болады.

Визасыз режимі бар елдердің тізімі кеңейеді, бұл азаматтарымыздың шетелге шығуы мен жұмыс істеу жағдайларын жеңілдетеді, шетелдік туристердің көптеп келуін ынталандырады.

Жоғары