Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Аға ұрпаққа қамқорлық

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Аға ұрпаққа қамқорлық

Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау – біздің ортақ міндетіміз. Оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз.

Барлық жалғыз басты және аса мұқтаж қарт азаматтарға атаулы көмек көрсетіледі.

Біз ынтымақты зейнетақыға жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ке индексация жүргіземіз.

Зейнетақыны ресімдеу мен тағайындау жөніндегі барлық рәсімдер проактивті форматқа көшіріле отырып, электронды түрде көрсетілетін болады.

Қарттардың ауруларын емдеуге мамандандырылған медициналық кадрларды даярлау ұйымдастырылады.
Әр өңірде егде жастағы адамдар үшін олардың өмір сапасын, дербестігін, денсаулығын күту мен нығайтуды жақсарту мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталықтары ашылады.

«Еңбек ардагері» санаты зейнеткерлік жасқа толған және мемлекеттік наградалармен марапатталған азаматтармен толықтырылады.

Жоғары