Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Жауапты азаматтық қоғам

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Жауапты азаматтық қоғам

Ел дамуының аса маңызды факторларының бірі – ортақ мүдде жолында біріккен азаматтардың белсенділігі.

Жауапты азаматтық қоғам – демократиялық дамудың және мемлекеттік басқару тиімділігінің негізгі факторы. Партиямыз «Жауапты азамат – Жауапты қоғам – Жауапты мемлекет» формуласы негізінде жалпыға бірдей жауапкершілік тұжырымдамасын ұсынады.

«Nur Otan» партиясы ел дамуының өзекті міндеттері мен мәселелерін шешуге азаматтық белсенділерді тартып, барынша жұмылдырады.

Квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құрылатын болады. Оның құрамына азаматтар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар да тартылады. 

Біз еріктілер қозғалысын дамытуды қолдаймыз. Волонтерлік тәжірибе студенттік практикаға, жұмысқа қабылдау және кәсіби өтілін есептеу кезінде ескеріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, ол келесі қадамдарды қамтиды:

  • ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізу;
  • ауыл әкімдерінің сайлаушылар алдындағы есептілігі;
  • «халықтың қатысуы» бюджетін енгізу;
  • жергілікті салықтар мен төлемдердің ставкаларын өзгерту құқығы;
  • жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін азаматтардың бақылауы.

Біз қоғамдық сараптама мен бақылау жүргізуді, азаматтық бастамалар мен онлайн-петицияларды дамытуды көздейтін «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдаймыз.

Қайырымдылық туралы заң әзірленеді. Заңда оның тартымдылығы мен іске асуының ашықтығы қамтылады.

Жоғары