Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Бақытты балалар

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Бақытты балалар

Біз әр баланың толыққанды өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді, оның құқықтарын қорғауды, жақсы тәрбие мен білім алу мүмкіндігін қолдаймыз.

2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 95% мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етіледі.

Бала-бақшаға кезекке қою тәртібі толығымен цифрландырылады. Ата-аналарға «балаға қаражат» принципі бойынша кез-келген бала-бақшада орын таңдау үшін ваучерлер беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды ерте жасынан бастап әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оларды мектепке даярлауға бағдарланады.

Балаларға сапалы білім беру

2025 жылға қарай біз 800 жаңа мектепті салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешеміз, сондай-ақ барлық мектептерді мұғалімдермен 100% қамтамасыз етеміз.

Бірыңғай білім беретін онлайн-платформа енгізіліп, барлық ауыл мектептері жоғары жылдамдықтағы Интернетке қосылады, қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының айырмашылығы қысқарады.

Дарынды балаларды, оның ішінде ауылдық жерлердегі қабілетті балаларды анықтау мен қолдау жұмысы жалғасады, оларға еліміздің мамандандырылған мектептерінде оқу мүмкіндігі беріледі.

Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секциялары ашылып, «балалар үйірмелері» қайта жаңғырады.

Барлық мектептерде спортпен айналысуға жағдай жасалады.

Әрбір мектепте пәндік кабинеттер ашылып, әрбір сынып Интернетке қосылады.

«Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізіледі.

Сапасыз оқулықтар проблемасы толығымен шешіледі.

Мұғалімдердің еңбек ақысы 2 есе өсіп, 2024 жылға қарай орта есеппен 330 мың теңгені құрайды.

Балалардың құқықтарын қорғау

Балаларды буллингтен, интернет-бұзақылықтан, жыныстық қылмыстардан және өз-өзіне қол жұмсаудан қорғау бойынша шаралар қабылданады.

Балаларға қатысты сексуалдық сипатта жасалған қылмыстар үшін рақымшылық жасау және мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жаза шаралары қатаңдатылады.

Қазақстан балалардың құқықтары бұзылған жағдайда хабарлау рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылады.

Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде балаларды күтіп-бағу жағдайларына мониторинг жүргіземіз.

Барлық балаға тең мүмкіндіктер

Біз мүгедектігі бар балаларға арналған орталықтарының санын арттырамыз.

Барлық колледждер мен ЖОО-да, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердың 70%-де инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыс енгізіледі.

Мүгедектігі бар, асыраушысынан айырылған балалар – мүгедектігі және асыраушысынан айырылғаны бойынша екі жәрдемақыны бір уақытта алады.

Жетім жасөспірімдер балалар үйінен шығарылғаннан кейін жұмыспен және үймен қамтамасыз етіледі.

Жоғары