Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

Ауқатты ауылдар

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

Ауқатты ауылдар

Бүгінде азаматтарымыздың 40%-тен астамы ауылда тұрады. Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі таңда өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып отыр.
Біз ауылдың әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасаймыз.

Ол үшін келесі шаралар іске асырылады:

Стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын қатыстыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант) өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады.

Жалпы АӨК-те 380 инвестициялық жоба іске асырылады.

Біз ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа формаларын әзірлейміз, жалпы алаңын 2,2 млн. гектарға дейін жеткізе отырып, 600 мың гектар жаңа суармалы жерді игереміз, қосымша шамамен 70 мың отбасылық шаруашылық құрамыз.

Субсидиялау жүйесі жаңа технологиялар мен селекциялық жетістіктерді, егістік пен егінді алқаптың жай-күйін мониторингтеудің заманауи цифрлық шешімдерін енгізуді, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын нақты қолдануды ынталандыруға бағытталады.

Субсидиялау көлемінің өсуі есебінен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу 1,5 есеге, минералдық тыңайтқыштарды сатып алу 1,4 есеге, жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу 1,2 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ жыл сайын егістікті тиімді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың 50%-і субсидияланады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінен тек дәнді және майлы дақылдарды ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін форвардтық сатып алу кеңейтіледі.

Ауылдарда кооперацияны ынталандыру, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шикізатты қайта өңдеуге тапсыру, жалпы қуаты 2,1 млн. тонна болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және сату бойынша 24 көтерме-тарату орталығын құру жөнінде шаралар қабылданады.

Ветеринариялық, фитосанитариялық және карантиндік қызметтерді жаңғырту халықаралық талаптарға сәйкес жалғасын табады.

Ауыл шаруашылығын ғылыми әзірлемелермен қамтамасыз ету бойынша аграрлық ғылым үшін нақты мақсатты индикаторлар әзірленеді.

2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есе, АӨК өнімінің экспорты 2 есе ұлғайып, өңделген өнімнің үлесі 70%-ке жеткізіледі. Біз өзімізді елімізде өндіретін негізгі азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етеміз.
3 500-ден астам ауыл жаңғыртылады, әрбір тірек ауылға дейін 27 мың км. жергілікті жолдар жөнделіп, олардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ке жеткізіледі.

Жыл сайын ауылдарда инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жеке тұрғын үй салу үшін 22 мың жер телімі бөлінеді.
Қала және ауыл халқының 100%-і сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді.

2025 жылға қарай халқы 900 мыңнан астам адамды құрайтын 246 ауыл газбен қамтылады.

Халықтың 99%-і жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізеді.

Жоғары