Nur Otan өкілдері Көкшетауда қандай мәселелерді талқылады
20.12.2020
«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін билеуші партия өкілдері Ақмола облысына келді.

Сайлауалды штаб мүшелері Көкшетау қаласында жас мамандармен және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірге жастардың өз қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу мен жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.
«Nur Otan» жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50%-ке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады. Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттердің шәкіртақысын 2 есе, магистранттар мен докторанттардің стипендиясын – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.
Жылына 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасын іске қосу жоспарлануда. Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруы үшін жыл сайын 10 мың грант ұсынылады.
Сайлауалды штаб мүшелері осы күні ауыл шаруашылық техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен де кездесті.
Таяудағы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша 7 ірі агроөнеркәсіптік экожүйені іске қосу, оған 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тарта отырып, жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жаңадан 600 мың гектар суармалы жерді игеру есебінен партия жаңадан 70 мың фермерлік шаруашылық ашуды ынталандырмақ.
Осы және басқа да шаралар nurotan2021.kz сайтындағы сайлауалды бағдарламада жазылған арнаулы техникаға деген сұранысты арттырып, отандық машина жасау саласын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз етуі тиіс, деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.
Ақмола облысына сапар барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары азаматтарды жеке қабылдады.
Мәселен, қабылдауда болған Бұланды ауылының тұрғыны Резида Абдрахманова ауылдағы апатты жағдайда тұрған жалғыз мектепті жөндеу жөнінде өтініш білдірді. Ал Аршалы ауылынан келген Нұрмұханбет Қасымхан өз ауылдастарының мәдениет үйін салу туралы өтінішін жеткізді.
Көкшетау тұрғыны Шияп Алиев қаланы газдандыру мәселесін көтерді. Арайлы ауылының тұрғыны Жансая Айтбаева ауылдағы барлық көшені сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды өтінді. Осында айтылған барлық мәселе, аманаттар мен ұсыныстар ерекше партиялық бақылауға алынады.
Смотрите также:
11.01.2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.
08.01.2021
«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты
«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.
08.01.2021
Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды.

Жоғары