Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз

Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз

08.01.2021

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды.


Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз

«Арселор Миттал Теміртау» металлургтарымен және «Қазақмыс»-қа қарасты Нұрқазған кен байыту комбинаты жұмысшыларымен бірге билеуші партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірді ары қарай дамыту жайы талқыланды.

 

Сонымен, таяудағы 5 жылда облыста кемінде 150 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 2,5 мың км автожол салу және жөндеу, 176 ауылдың тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және басқа да жобалар жоспарланып отыр.

2.jpeg 

«Өздеріңіз білетіндей, бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін жаңа Экологиялық кодекске қол қойды. Экологияны жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы өңірде 9 қоқыс сұрыптайтын кешен салуды және зиянды шығарындыларды кемінде 13%-ке азайта отырып, өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуды қамтамасыз етуді міндет етіп қойып отыр», - деп атап өтті кездесу барысында сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

 

Осы күні партия өкілдері өткен жылы ашылған «Global City» көтерме-бөлу орталығының базасында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

 

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша сайлауалды уәделеріміз аясында біз салық санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруды, әлеуметтік-маңызды тауар өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуді, экономиканың нақты секторын несиелендіруді ұлғайтуға жағдай жасауды ниет етіп отырмыз», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

3.jpeg 

Бизнесті рұқсатсыз тексерулерден қорғау мақсатында салықтық заң бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.

 

Жалпы, қолайлы экономикалық орта құру үшін мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту, шағын және орта бизнеске кедергілерді жою міндеті қойылып отыр. Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа микронесие беріледі, оның ішінде жалпы сомасы 250 млрд. теңге 42 мың ауыл тұрғынына ұсынылады. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында халық тұтыну тауарларын өндірушілерге де қолдау көрсетіледі. 


Жоғары