«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты

08.01.2021

«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.


«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты

Әр қала мен ауданда партия өкілдері жастармен, кәсіпкерлермен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, зейнеткерлермен, жұмысшылармен, аграршылармен, зиялылармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Партияның көздеген мақсатын, алға қойған міндеттерінің орындалуына қандай кепілдіктер беретінін түсіндірді.

 

«Nur Otan»-ның үгіт-насихат жұмыстары дабыра-дақпыртсыз, мазмұнды да қарқынды өтті. 7 миллион сайлаушыны қамтып, 28 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Олардың бәрі бұқаралық іс-шаралар емес – нақты адамдармен өзекті мәселелерді талқылауға арналған тақырыптық кездесулер. Уақытымыздың 80%-ін азаматтардың сауалдарына жауап беруге арнадық», - деді сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.

WhatsApp Image 2021-01-08 at 17.59.09 (1).jpeg 

Оның айтуынша, «Есіктен есікке» акциясы аясында жасотандықтар 1,4 млн. үй мен пәтерлерді аралап, 6,2 млн. үгіт материалдарын таратқан. Өңірлерде қоғамдық қабылдаулар қызу жұмыс істеп, 95 мыңнан астам өтініш түсті. Олардың үштен бірі – ұсыныстар мен аманаттар.

 

Бүгін Республикалық сайлауалды штаб мүшелері елорда тұрғындарымен жүздесті.

 

Атап айтқанда, «Астана – Жаңа қала» ЕЭА Индустриалдық паркі кәсіпорындарының басшыларымен және «Modex Astana» модульді үй салу зауытының ұжымымен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында қаланы дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды.

WhatsApp Image 2021-01-08 at 17.59.09.jpeg 

Алдағы 5 жылда елордада әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 50 мың пәтер беру ұсынылып, 10 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 50 жаңа мектеп салу және 250 көшеге жөндеу жүргізу көзделіп отыр. Қала шетіндегі 20 мың үйді газдандыру қолға алынады.

 

Бұдан кейін партия мүшелері «Назарбаев Университет» ғалымдарымен және «Jas Otan» белсенділерімен кездесу өткізді.

WhatsApp Image 2021-01-08 at 17.59.09 (2).jpeg 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше ғана жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші» деп атап өткен болатын. Осыған орай Президент бастамасымен талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалады. Сондай-ақ, Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жоғары білім алу гранттарын 50%-ке көбейту көзделіп отыр. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Колледждер мен университеттердің жатақханаларында кем дегенде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

 

180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шаралары жүзеге асырылады. Студенттер стипендиясы 2 есе, магистранттар мен докторанттардікі – 1,5 есе өседі. «Назарбаев Университет» үлгісі бойынша 2 өңірлік жоғары оқу орнын салу жоспарлануда.

 

Ғылымды қолдау мен зияткерлік әлеуетті дамыту мақсатында жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлінеді. Сонымен бірге жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына 500 қазақстандық ғалым тағлымдамаға жіберіледі.

WhatsApp Image 2021-01-08 at 17.59.10.jpeg 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, партияның сайлауалды бағдарламасы 255 нақты шара мен 160 индикатордан тұрады, олардың бәрі жан-жақты есептелген, қаржылық және нақты ресурстармен қамтамасыз етілген.

 

«Құрметті қазақстандықтар! Біз әлеуметтік әл-ауқатты арттыруға, бизнесті қолдауға, сондай-ақ экономикада жаңа инфрақұрылымды құруға, өңірлерді дамытуға және ауылдарды жаңғыртуға бағытталған өзгерістер жолын ұсынып отырмыз. Коронавирус жағдайындағы дағдарыста тек «Nur Otan» ғана адамдардың көңіліне сенім ұялатып, нақты істермен қиындықты еңсерудің жолын көрсетуде. Біз мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын, студенттердің стипендиясын көтереміз, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды индексациялаймыз, жаңа мектептер, ауруханалар мен жолдар саламыз, жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Мақсаты айқын, нақты істер партиясы – «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!»,- деп түйіндеді Бауыржан Байбек.


Жоғары