Nur Otan партиясының бағдарламасы — Nur Otan партиясының сайлау һалды ресми сайты

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Партия бағдарламасы

Аймақтық бағдарламалар

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.

Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің облысты өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салады. Біз бұған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білеміз!


Жоғары