
2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірге деген көзқарасымызды өзгертті және мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді.
Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантиндік және шектеу шараларымен байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.
Осы қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға, аймағымызды қауіпсіз әрі жайлы етуге күш салады.