Танымал саясаттанушылар мен экономистер «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын саралады
24.11.2020
«Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сонымен бірге, белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер талқылады.

Кездесуде сөйлеген «Nur Otan» Хатшысы Арман Қырықбаевтың атап өткеніндей, Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай жұмысшы тобы Үкіметпен бірге екі ай ішінде, бұрынғы тәжірибе мен әлемдік трендтерді ескере, қоғамның сұраныстарын назарға ала отырып, бағдарламаны пысықтады.
Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтар өткізілді, соның аясында мемлекеттік орган қызметкерлерінің де, партиялықтардың да сұраныстары мен талап-тілектері зерделенді.
Егер бағдарламаның бастапқы жобасы салалық сипатқа ие болса, пысықталғаннан кейін бесжылдық құжатта халықтың барлық тобының сұранысы барынша қамтыла түсті.
Бұл ретте «Nur Otan» партиясының бағдарламасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасына және халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген міндеттеріне негізделген. Аталған құжаттардағы тұжырымдамалық идеялар партияның сайлауалды бағдарламасының нақты индикаторларында, шаралары мен міндеттерінде көрініс тапты.
Кездесуге қатысушылардың айтуынша, «Nur Otan» партиясының бағдарламасы пандемиядан туындаған күрделі экономикалық ахуалға қарамастан ауқымды бола түскен. Сонымен бірге олар «Nur Otan» партиясының жалпы республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізген праймеризін жоғары бағалады.

Сарапшы Белла Газдиеваның айтуынша, праймериздің арқасында азаматтардың өзекті ұсыныстары мен өтініштері жиналып, бағдарлама жобасына енген. Өз кезегінде саясаттанушы Максим Казначеев партия алдағы сайлау науқанының күн тәртібін айқындап алғанын атап өтті.
«Бұл бағдарлама партияның дағдарыс жағдайына жедел ден қоя отырып, уақытпен қатар қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Өткен праймериз партияның жүйелі жаңаруға дайын екенін дәлелдеді. Партияішілік іріктеу барысында белсенді тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туды. Партияға жаңа мүшелер, оның ішінде өз саласының танымал тұлғалар кірді. Өңірлердегі пікірталастарда бағдарламалардың қызу талқылануы қорытынды құжатта нақты проблемалардың ескерілетінін білдіреді», - деп атап өтті Максим Казначеев.

Кездесу қорытындысында қатысушылар өздерінің бірқатар ұсыныстарын алға тартты. Партия Хатшысы Арман Қырықбаевтың айтуынша, олардың барлығы қаралып, ескерілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» әр өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобалары әзірледі.
Жобалар өңірлердегі, оның ішінде елдегі ең шалғай елді мекендеріндегі халықпен кездесулердің қорытындылары бойынша қалыптастырылған түйінді мәселелер картасы негізінде әзірленді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламалардың барлық жобалары праймериз барысында тұрғындармен кеңінен талқыланды. Қабылданған өңірлік бағдарламаларда азаматтардың 17 мың ұсыныс пен ескертулерінің 80%-тен астамы ескерілген.
Смотрите также:
11.01.2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.
08.01.2021
«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты
«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.
08.01.2021
Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды.

Жоғары