Nur Otan партиясының Доктринасы Саяси Тұғырнамаға айналды
06.12.2020
Билеуші партияның кезектен тыс XX Съезі барысында қабылданған «Nur Otan»-ның Жарғысындағы өзгерістерді Әділет министрлігі тіркеді.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Жарғылық құжатқа партияның партияішілік сайлау – праймериз өткізу туралы норма енгізілді.
«Съезд қаулысымен партия Жарғысының 2.4-тармағы енді мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылды: праймеризді – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидат етіп ұсынуға үміткерлерді алдын-ала партияішілік іріктеуді өткізу», - делінген хабарламада.
Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, Съездің қаулысымен 2013 жылы қабылданған Саяси доктрина «Nur Otan» партиясының Саяси тұғырнамасына өзгертілді.
Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, партия жұмысын «қайта жандандыруды» ескере отырып, Съездің қаулысымен 2013 жылы қабылданған Саяси доктрина «Nur Otan» партиясының Саяси тұғырнамасы болып өзгертілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезі 25 қарашада өтіп, оның барысында 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарлама қабылданды.
Сондай-ақ, Съезд барысында Парламент Мәжілісі сайлауына 126 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Оның ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы бойынша, 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.
Алғаш рет республикалық партияішілік сайлау форматында өткен «Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат қатысты. Оның қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізімдеріне енді. Осы орайда, партияға 42 мыңнан астам жаңа жақтастар қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-еуі «Nur Otan» партиясының тізіміне енді.
Праймериз барысында халықтың белсенді қатысуының арқасында «Nur Otan» партиясының 216 сайлауалды өңірлік бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардың 20 мыңнан астам ұсынысы ескерілді.
Смотрите также:
11.01.2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.
08.01.2021
«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты
«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.
08.01.2021
Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды.

Жоғары