Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті
13.12.2020
Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездестім. Оларға партияның үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқандары үшін алғыс айттым. Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді.
Өздеріңізге мәлім, жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.
Қашанда жастар – кез келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері - «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта.
Сонымен, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ке көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін - 1,5 есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.
Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.
Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.
Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін», - деп жазды Бауыржан Байбек.
Смотрите также:
11.01.2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
Сағат 00:00-де экзит-пол нәтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымы қаралды. Экзит-пол қорытындысына сәйкес «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын жинады.
08.01.2021
«7 миллион сайлаушы». Nur Otan еліміздің барлық 17 өңірін аралап шықты
«Nur Otan» өңірлердегі сайлауалды үгітті-насихат жұмыстарын аяқтады. Бір айға таяу уақытта «Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы еліміздің барлық 17 өңірін аралады.
08.01.2021
Nur Otan Қарағандыда: 150 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз
«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысына барды.

Жоғары